Бағаны тұрақтандыру үшін…
- Алға
Нан бағасын тұрақтандыру үшін Алға қаласының дүкендеріне құны 85-90 теңге болатын нан шығарылды.
Бұл жөнінде аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бағаны тұрақты ұстау қазір бүкіл әлем елдерінде өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, азық-түлік бағасын тұрақтандырудың маңызы зор.
Халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауына қарсы шара ретінде тамыз айында Алға ауданына облыстық тұрақтандыру қорынан бөлінетін ұнның мөлшері артты. Бұл — бірінші сұрыпты ұн. Осыған байланысты 10 тамыздан бастап Алға қаласының дүкендерінде бағасы 85-90 теңге болатын нан сатуға шығарылды
Бұл әлеуметтік өнім халықты толық қамтуға жетпейді, сондықтан сөреде коммерциялық бағамен сатып алынған ұннан әзірленген нан да бар. Оның бағасы — 105-115 теңге.
Өз тілшіміз.